ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2023 | 08:57
Аптап, найзағай және тұман: Қазақстандағы 14 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 14 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 14 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аймақтарында 7-12 жылы, күндіз 29-34 градус, облыстың таулы аймақтарында 19-24 градус жылы.
Оңтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, орталықта, солтүстікте, облыстың шығысында 15-20, күндіз Алакөл маңында екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аймақтарында 8, күндіз 27-32, облыстың таулы аймақтарында 22 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, күндіз өте ыстық 30-35, облыстың оңтүстігінде 39 градус жылы.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстіктен 7-12 жел соғады, найзағай секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 18-23 жылы. Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Күндіз Қарағанды облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 15-20 жылы, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 17, күндіз 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 18 градус жылы.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, солтүстік-шығыстан 9-14, түнде солтүстікте, батыста, облыс орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 18, облыстың батысында 5, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28, облыстың батысында 17 градус жылы.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аймақтарында 14, күндіз 32-37, облыстың таулы аймақтарында 27 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также