ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 маусым 2026 16:22
Аптап нөсерге ұласады: Астана мен Алматыдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 30 маусым, 1 және 2 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 30 маусым, 1 және 2 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
30 маусымда күн ала бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +24...+26 градус жылы болады.
1 шілдеде күн ала бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.
2 шілдеде күн ала бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
30 маусымда күн ала бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
1 шілдеде күн бұлтты болады, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жауып, найзағай ойнайды, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +29...+31 градус жылы болады.
2 шілдеде күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.
Қазақстанда күн салқындайды
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде белсенді циклон мен атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп хабарлаған болатын. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін, республика бойынша жаңбыр болжанады. Бірнеше өңірде ауа температурасы +18 градусқа дейін төмендейді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу