ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 шілде 2026 08:09
Аптап пен жаңбыр: 17 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 16-17 шілдеде кей аумақтарда нөсер жауын күтіледі, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жауын-шашын салдарынан батыста аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді, ал елдің орталығы мен шығысында +41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан түнде 3-8, күндіз секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 25-30 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 45-47 градус өте қатты ыстық болады.
Ақмола облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 26 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың таулы аудандарында 14-19 градус жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 25-30 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың шығысында 27, таулы аудандарда 15 градус жылы, күндіз 36-41 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 32 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 37-39 градус қатты ыстық.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 23-28, таулы аудандарда 20 градус жылы, күндіз 43-48 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 38 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр.
Ауа температурасы түнде 26-28 градус жылы, күндіз 45-47 градус өте қатты ыстық.
Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 22-27, оңтүстігінде 30 градус жылы. Орал - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы.
Атырау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық.Атырау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 32-34 градус жылы.
Маңғыстау облысы - облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градус жылы, күндіз 39-44 градус өте қатты ыстық, облыстың батысында 29-34 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 29-31 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде, шығысында 26, күндіз
29-34 градус жылы, облыстың оңтүстігінде, шығысында 37 градус қатты ыстық. Ақтөбе - көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.
Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылы, күндіз 27-32 жылы, облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Қостанай - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың оңтүстігінде дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан түнде 9-14, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей уақытта екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 26-31 жылы. Петропавл - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.
Павлодар облысы - облыстың солтүстігінде, батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 32-37 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 29 жылы болады. Павлодар - көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 32-34 жылы.
Қарағанды облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, түнде облыстың шығысында, орталығында секундына 15 метр, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады. Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 жылы.
Ұлытау облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр, күндіз батыста екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 36-41 градус өте қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 31 жылы болады. Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жауын болады, найзағай ойнайды; күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың шығысында кей уақытта нөсер жауын жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында 28 жылы болады. Өскемен - көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады.
Абай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық болады. Семей - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып,
солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Қызылорда облысы - күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 8-13, күндіз облыс орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 26-31, облыстың солтүстігінде 23 жылы, күндіз 42-47 градус өте қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 39 жылы болады. Қызылорда - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 27-29 жылы, күндіз 45-47 градус өте қатты ыстық болады.
Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың таулы аудандарында 16 жылы, күндіз 40-45 градус өте қатты ыстық, таулы аудандарда 36 жылы болады.Тараз - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу