12 шілде 2019 16:43

Аптапқа байланысты ескерту жарияланған облыстар

© golosarmenii.am

Аптапқа байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптапқа байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.

Күндіз 13-14 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 36 градус күтіледі. СҚО төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдай алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.

Реклама
Реклама

Күндіз 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 30-35 градус, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

13 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. 13-15 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Шымкент қаласында 13-15 шілдеде күндіз 41⁰С  қатты ыстық сақталады. Түркістан қаласында 13-15 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық сақталады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram