Ақмола облыстық жер қатынастары бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Ақмола облыстық жер қатынастары бөлімінің басшысы парамен ұсталды ©Тemaufa.ru

Ақмола облыстық жер қатынастары бөлімінің басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алған жерде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаментіне сілтеме жасап. 

Атбасар ауданының Мариновка аулы аумағында жер телімін беру бойынша оң шешім шығарып, оны тездетіп іске асырғаны үшін кәсіпкерлердің бірінен 1 миллион теңге көлемінде пара алған "Ақмола облыстық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әбдірашитов өз кабинетінде ұсталған. 

"Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 4-бөліміне сәйкес, ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, аз уақыттың ішінде тергеліп бітті. Діл қазір қылмыстық іс Атбасар аудандық сотының қарауында жатыр", - делінген ресми хабарламада. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама