Ақмола облысында боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© avto.pro

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) "Екатеринбург - Алматы" (856-917 шақырым), СҚО шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін 7 желтоқсан күні сағат 19.30-да енгізілген шектеу бүгін, 8 желтоқсанда сақталады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның екі облысында дауылға байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер БҚО және Ақмола облыстарында бұрқасын мен көктайғақтың болатынын ескертті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама