ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 желтоқсан 2015 10:18
Ақмола облысында боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) "Екатеринбург - Алматы" (856-917 шақырым), СҚО шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін 7 желтоқсан күні сағат 19.30-да енгізілген шектеу бүгін, 8 желтоқсанда сақталады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның екі облысында дауылға байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктер БҚО және Ақмола облыстарында бұрқасын мен көктайғақтың болатынын ескертті.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу