Ақмола облысының прокуроры ауысты

© Фото: prokuror.gov.kz

А?мола облысыны? прокуроры болып Тимур Т?шімбаев та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының прокуроры болып Тимур Тәшімбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокуратурасының тергеуші қызметінің стажері болып бастаған. Прокуратура тергеушісі, Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі және Алматы облысы Іле ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші және орынбасары болып жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі жауапты қызметтерді атқарды, Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

2007-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі болды.

2012 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Бас прокуратурасы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып еңбек етті.

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама