Ақорда Мемлекеттік билік өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тізімін жариялады

© Тұрар Қазанғапов

А?ордада ?аза?стан Республикасы Президентіні? шешімімен ??рыл?ан Мемлекеттік билікті? тарма?тары арасында ?кілеттіктерді ?айта б?лу м?селелері ж?ніндегі ж?мыс тобыны? ал?аш?ы отырысы болып ?тті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобы мүшелері ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысында жинақталған отандық және шетелдік тәжірибе, қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады.

Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қауымдастығы, сондай-ақ  қалың жұртшылық белсене тартылатын болады.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді  қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі

Асанав Жақып Қажманұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Бекетаев Марат Бақытжанұлы Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Громов Сергей Николаевич Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының  орынбасары

Донақов Талғат Советбекұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Жалаири Өмірәлі Шақарапұлы Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры

Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Қаудыров Төлеш Ерденұлы Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық–құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры

Мәми Қайрат Әбдіразақұлы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы

Мұқашев Рақмет Желдібайұлы "Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 Рогов Игорь Иванович Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама