Ақорда Президенттің маңызды мәлімдемесі не жайлы болатынын айтты

Ақорда Президенттің маңызды мәлімдемесі не жайлы болатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасайды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Осыған дейін Ақорда Tengrinews.kz тілшісінің Мемлекет басшысының алдағы жоспарлары жайлы сұрағына жауап бере отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама