Ақпаннан бастап вокзалдарда жолаушылар мен жүктер тексерілетін болады

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан вокзалдарында 1 а?паннан бастап жолаушылар мен ж?ктерге тексеру ж?ргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "?аза?стан темір жолы" ?К" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан вокзалдарында 1 ақпаннан бастап жолаушылар мен жүктерге тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компания өкілдерінің мәліметінше Қазақстанның 16 теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі. Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарлату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады.

"Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды", -  дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажет.

Мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі 2017-2018 пойыздар кешіккенде ескерту жүйесі іске қосылатынын хабарлаған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама