АҚШ-та "қашып кеткен" қазақстандық дәрігер Нұрбол Данияров үйіне оралды

Нұрбол Данияров. Әлеуметтік желілерден алынған сурет

А?Ш-та "?ашып кеткен" д?рігер Н?рбол Данияров Алматы?а ?йіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 жаста?ы Н?рбол Данияров 24 наурызда ж?мыс?а шы??анын айтты.

АҚШ-та "қашып кеткен" дәрігер Нұрбол Данияров Алматыға үйіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 жастағы Нұрбол Данияров 24 наурызда жұмысқа шыққанын айтты.

"Менде АҚШ-та қалу деген ешқандай мақсат болған жоқ. Еңбек демалысында болдым. Жоспарлағандай-ақ, қайтып келдім. Бірақ өндірістік қажеттілікке байланысты жұмысқа ертерек шақырды. Жұмысқа 24 наурызда шықтым", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.

Нұрбол Данияров Алматыдағы перзентханалардың бірінде туу алдындағы диагностиканың дәрігері болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазақстандық дәрігер оның әлеуметтік желілерде АҚШ-та "қашып кетуіне" қатысты мәліметті жоққа шығаруға дайындалып жатқанын айтып өтті. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта біз заңгермен менің ар-намысымды қорғау жайлы ақылдасып жатырмыз. Әріптестерім мені жақсы біледі, олар менің "қашып кеткім келгені" жайлы мәліметке сенбейді. Ешкім сенбейді. Аурухана басшылығы тарапынан да маған ешқандай сөздер айтылған жоқ", - деді Данияров.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та жоғалған қазақстандық дәрігер "қашып кетуінің" себебін айтып берген болатын. "Мен қашқан жоқпын, мен ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін. АҚШ-қа келе салысымен барлық ақшаны атқарушы директорға бердім. Біз тіпті ол компаниямен еңбек шартына отырмағанбыз. Олардың маған деген қарым-қатынасы мүле ұнамады. Осында келгенге дейін басқа дүние, ал келген соң басқа дүниелер айтылды. Сенбеңіздер, мен ешкімді алдаған жоқпын, елімді, Отанымды алдаған жоқпын", - деген еді Данияров.

Ал кейінірек дәрігердің Қазақстанға наурыздан қалмай оралатыны жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама