АҚШ және Ақтау мен Құрық порттары: Назарбаев заңға қол қойды

© Тұрар Қазанғапов

Н?рс?лтан Назарбаев А?Ш-ты? Ау?анстанда?ы жа?дайды т?ра?тандыру мен ?алпына келтіруге ?атысуына байланысты ?аза?стан аума?ы ар?ылы арнайы ж?кті транзитпен ?ткізуді коммерциялы? жолмен ?амтамасыз етуін ?арастыратын за? жобасына ?ол ?ойды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы "Казахстанская правда" газеті хабарлап отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы арнайы жүкті транзитпен өткізуді коммерциялық жолмен қамтамасыз етуін қарастыратын заң жобасына қол қойды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Казахстанская правда" газеті хабарлап отыр. 

"АҚШ-тың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен қалпына келтіруге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасы аумағы арқылы арнайы жүкті транзитпен өткізуді коммерциялық жолмен қамтамасыз ету туралы үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізу протоколын ратификациялау туралы" заңға қол қойылды", - делінген хабарламада. 

Мұның алдында сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілісте 2017 жылы АҚШ тарабы Ауғанстанға арнайы жүкті тасымалдау бағытын өзгертуді сұрағанын айтқан болатын. 

Реклама
Реклама

"АҚШ тарапы Құрық пен Ақтау портын транзиттік бағытқа қосуды ұсынған. Бұл арнайы жүкті Әзірбайжан аумағынан Каспий арқылы Қазақстанға жеткізіп, ары қарай теміржол арқылы Сарыағаш, Келес және Бейнеу - Қарақалпақстан, Өзбекстан арқылы Ауғанстанға жеткізуге мүмкіндік береді", - деген еді министр. 

Мұның алдында ресейлік БАҚ-та "Ақтау мен Құрық порттарында АҚШ-тың әскери базалары орналастырылады" деген ақпарат тарап кеткен болатын. Ресейдегі Қазақстан елшілігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Елшілік мәліметінше, мұның алдында Ресей де АҚШ-пен ұқсас келісім жасасып, арнайы жүкті жеткізуге қатысқан болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама