Ақтауда газ баллонының жарылуы салдарынан ер адам қатты зардап шекті

© Lada.kz

Ақтауда 40-футты жүк контейнерінде газ баллоны жарылды. Жарылыс толқыны маңында тұрған тағы екі контейнерді шарпыды. Жарылыс салдарынан 46 жастағы ер адам ауыр жарақаттанды, - деп хабарлайды "Лада".

Зардап шеккен ер адам облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның бассүйек миына магнитті-резонанс томографиясы жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның миы шайқалған, сонымен қатар бет терісі мен денесінің үстінгі бөлігінің 10 пайызын күйік шалған.

Реклама
Реклама

Оқиға болған жерде жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарылыс болған контейнерде тұрмыстық заттар табылғанын айтты. Болжам бойынша, ер адам сол жерде тұрған. Көрші контейнерлерден азық-түлік табылды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың күшті болғаны соншалық, контейнердің сынық қалдықтары жүздеген метрге дейін ұшқан. "Жарылыс біздің үйімізге дейін естілді, ал біз 4-ші ықшамауданда тұрамыз. Таңғы сағат 9 шамасында мен мұнда азық-түлік алуға келдім, сол кезде контейнерді көрдім. Меніңше, жарылыс күшті болған, себебі контейнердің есігі 70 метрге жуық жерде жатты", - деді куәгер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама