Ақтауда иттерді пәтер ішінде иесінің көзінше атқан

Пәтерде қалған төбеттер.

А?тауда 22-ы?шамауданда?ы ?йлерді? біріні? т?р?ындары арыз бергеннен кейін учаскелік полицейлер мен коммуналды? ?ызмет ?кілдері п?терді? ішінде иттерді ат?ан. К?ршілерді? айтуынша, жануарларды? иесі психикалы? ауру?а шалды??ан, ал оны? иттері адамдар?а шабуыл жасайды екен. Осы бір о?и?алардан со? ?йел адамды Ма??ыстау облысты? психоневрологиялы? диспансерге алып кеткен, ал ?лі ж?не тірі иттер п?терде ?ала берген, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтауда 22-ықшамаудандағы үйлердің бірінің тұрғындары арыз бергеннен кейін учаскелік полицейлер мен коммуналдық қызмет өкілдері пәтердің ішінде иттерді атқан. Көршілердің айтуынша, жануарлардың иесі психикалық ауруға шалдыққан, ал оның иттері адамдарға шабуыл жасайды екен. Осы бір оқиғалардан соң әйел адамды Маңғыстау облыстық психоневрологиялық диспансерге алып кеткен, ал өлі және тірі иттер пәтерде қала берген, - деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 27 маусымда 22-ықшамауданындағы 10 "б" үйінде болған. Көршілердің арызы бойынша учаскелік полицейлер мен коммуналдық қызмет өкілдері 77 жастағы Валентинаның үйіне келіп, иттерді беруін сұраған.

Реклама
Реклама

"Ол айғайлап, өздеріне қарсы шабуылдай бастады. Сол кезде коммуналдық қызмет өкілі есіктегі жарықшадан иттерге оқ атты. Екеуіне оқ тиді, ал қалған иттер қашып үлгерген. Учаскелік полицей әйел адамның қолын қайырып, жындыханаға алып кетті", - дейді көршілері. 

Осы жағдайдан кейін көршілер екі тарапқа бөлінген. Біреулер ол әйелдің бастарына "бәле" болғанын айтып, жыл басынан бері оның иттері 16 адамды қапқанын және таңғы уақытта ол сыртқа шығып, қоқыстан жеуге жарамды заттарды үйіне таситынын айтады. Ал екінші тарап Валентинаны қорғаштайды, себебі олардың айтуынша, балалар мен ересектер иттерді өздері ызаландырып, ағаш, тас лақтыратын, сонымен қатар, зейнеткер әйелдің өзінде лағынеттеп, жаман сөздер айтып, адамдар егде жастағы Валентинаны кіреберіске кіргізбей қойғанын айтады. Сол себепті ол өз үйіне кіретін басқа бір есік шығарған. 

Қазіргі уақытта Валентина облыстық диспансерде тексеруден өтіп жатыр. Оның пәтерінде екі иті аш қалғанына екі күн болған. Сонымен қатар, өлген иттің мәйіті де жатыр. Көршілер күннің ыстық болуынан мәйіттерден жағымсыз иіс шығатынына алаңдаулы.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама