Ақтаудағы шу шыққан мамандандырылған ХҚКО-да тексеріс жүріп жатыр

© lada.kz

Ма??ыстау облысты? Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? ?ызметкерлері 11 шілдеде А?тау ?аласында?ы шу шы??ан мамандандырыл?ан Х?КО-да тексеру шараларын бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоны? ма??ыстау облысы бойынша баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 11 шілдеде Ақтау қаласындағы шу шыққан мамандандырылған ХҚКО-да тексеру шараларын бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның маңғыстау облысы бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтау қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған адамдардың көбеюі салдарынан қарбалас туындап, аға кезекші маман қызмет алушыға жалақының аздығы себебінен қызметкерлердің жетіспейтіндігін алға тартқан болатын.

"Осыған орай, Департамент басшысы Н.Жанназарова, ІІД бастығының орынбасары Б.Нысанбаев және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Е.Байжігіттің қатысуымен мамандандырылған бөлімде өзекті мәселелерді шешу мақсатында тексеріс жүргізілді. Департамент басшысы Н.Жанназарова қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында халықпен пікір алмасты", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Нәтижесінде күту залының орындықтары көбейтіліп, кезек ретін көрсететін электронды табло мониторлары артты. Сондай-ақ, кептелісті азайтуға бағытталған шаралар қабылданып, ауысым қызметкерлермен толықтырылды.

"Болашақта мамандандырылған бөлімде банк кассаларын ашу, кадр жай-күйі және ғимараттың жөндеу мәселелері бойынша жоғары тұрған органға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама