Ақтөбе балабақшасының тәрбиешісі сәбилердің аузына скотч жапсырды деп айыпталды

Иллюстрация © Тengrinews.kz

Ақтөбедегі "Кәусар бұлақ" балабақшасының тәрбиешісіне қатысты ол балалардың аузына скотч жапсырды деген күдік бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балабақша меңгерушісі Светлана Қосыбаеваның айтуынша, таяуда тәрбиеленуші балалардың бірінің анасы шағымданып, видео көрсеткен, онда балалар хормен тәрбиешіге скотчтың не үшін керегін түсіріп тұр. Кейін ол шағым орта топтағы балалардың тәрбиешісі Гүлнұр Қойшығаринаның үстінен түсті, тап сол әйел үш жасар балалардың аузына скотч жапсыру тәсілін қолданатын көрінеді.

Әйел балабақшада 2013 жылдан бері жұмыс істейді, бұған дейін Ойыл ауданында қызмет еткен. Басшының айтуынша, бұған дейін оның үстінен ешкім шағымданбаған, ал айтылған жағдайды ол жоққа шығарып отыр.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда бірнеше маманнан және өзімнен құрылған комиссия балабақшада жүр. Бүгін ата-аналармен кездесеміз. Қызметтік тергеу жүргіземіз. Барлық комментарий тергеу аяқталған соң беріледі", - деді телефон арқылы Ақтөбе білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама