Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары ақша жымқырды деген күдікке ілінді

© Tengrinews.kz

А?т?бе облысты? Ішкі істер департаменті басшысыны? орынбасары бюджет ?аражатын жым?ырды деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты.

"Тергеу мәліметінше, 2016-2017 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық ІІД өкілі Аңшыбаев пен ЖШС арасында бірнеше нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша келісімшарттар жасалған. Құрылыс-экономикалық сараптамалардың нәтижесі атқарылмаған жұмыстарға төленген ақшаның жалпы сомасы 12 миллион теңгеге жеткенін көрсетті", - деп хабарлады Жахин.

Реклама
Реклама

Ресми мәліметтерге қарағанда, сараптама шығын сомасын растады.

"Аңшыбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты бес қылмыстық іс тіркелді. Аңшыбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шықты", - деді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама