ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 қараша 2017 18:36
Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері пара берді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"13 қарашада Ақтөбеде Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы ("Праа беру") бойынша күдікке ілінген Қадыров Э. ұстады", - делінген ведомствоның хабарламасында.
ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу