Ақтөбе полициясы үш лаңкестің бағыттамасын жария етті

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері үш лаңкестің бағыттамасын жария етті, олар қазіргі таңда іздеуде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбеде биылғы 5 және 6 маусымда болған аса ауыр қылмыстарды жасаған мына азаматтар іздестіріліп жатыр: 

Таңатаров Арсен Нұрланұлы, 23.10.1990 жылы туған, қазақ, Ақтөбе, Қарғалы ауылының тумасы, жеке куәлігі № 025852144 (22.12.2010 жыл), ЖСН 901023302429;

Реклама
Реклама

Қуанышбаев Бақыт Бектайұлы, 12.07.1983 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысы, Сырдария ауданының тумасы, жеке куәлігі № 040485554, паспорт № 10379595 (18.12.2015 жыл), ЖСН 830712300083;

Ақпанбаетов Әлібек Даниярұлы 19.06.1989 жылы туған, қазақ, Ақтөбе облысының тумасы, жеке куәлігі № 037905284 (13.01.2015 жыл), ЖСН 890619350134.

Ақтөбе облысының ІІД мына телефондарына хабарласу керек  8 (7132) 93-61-00, 93-61-18, 51-38-37 немесе 102.

Кеше, 10 маусымда Ақтөбеде арнайы операция кезінде бес лаңкестің көзі жойылған болатын. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді. Қазақстан бойынша террористік қауіптің "сары" деңгейі 40 тәулікке енгізілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама