Ақтөбеде 14-ші баласын дүниеге әкелген 41 жастағы анаға пәтер берілді

А?т?беде 14-ші баласын д?ниеге ?келген 41 жаста?ы ана?а "Н?р А?т?бе" ы?шамауданында орналас?ан ?ш б?лмелі п?тер берілді. Енді к?пбалалы отбасы к?лемі 84, 4 шаршы метр п?терде т?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде 14-ші баласын дүниеге әкелген 41 жастағы анаға "Нұр Ақтөбе" ықшамауданында орналасқан үш бөлмелі пәтер берілді. Енді көпбалалы отбасы көлемі 84, 4 шаршы метр пәтерде тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпбалалы ананың бұл мәселесін шешуге қалалық әкімдіктегілер көмектесті. Тұрғын үй Новиковтардың қызы Дианаға берілді. Ол облыстық ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Осылайша Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы арқылы Новиковтардың қызына қызметтік пәтер берілген.

Айта кетейік, қызметтік пәтерде Новиковтар олардың "Көпбалалы отбасы" бағдарламасы бойынша пәтер алуға кезегі келген уақытқа дейін тұрады. Қазіргі уақытта Новиковтар кезекте 135-орында тұр екен. Сонымен қатар отбасына материалдық көмек ретінде 50 мың теңге аударылды.

Реклама
Реклама

Осындай қуанышты хабармен 14 баланың анасы Новикова Теngrinews.kz тілшісімен де бөлісті. Ол өзінің жергілікті билік өкілдеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Отбасына пәтердің кілті 9 қыркүйекте табысталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама