Ақтөбеде арнайы операция жүріп жатыр, ұялы байланыс өшірілді

© Tengrinews.kz

Ақтөбеде жүргізілген арнайы операция кезінде ұялы байланыс өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбеден.

Сағат 9.30-дан бастап байланыс қайта қосылды. Оған дейін қала тұрғындары үшін ұялы телефон қолдану мүмкін болмады.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметкерлері 5 маусымда облыс орталығында атыс ұйымдастырған лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр. Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды. Енді алты адам іздеуде жүр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама