Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.