Ақтөбеде көше бойындағы әжетханадан жаңа туылған нәресте табылды

© Tengrinews.kz

Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.

Реклама
Реклама

Жылаған дауысы арқылы ол нәрестенің қай жерде екенін анықтауға тырысқан. Нәрестенің ағзасына суық тиген екен, дегенмен дәрігерлердің арқасында оның жағдайы тұрақтанды. Айта кетейік, полицейлер қыз баланың анасын іздестіріп жатыр.


Фото © Tengrinews.kz

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама