Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды

А?т?бе облысында мектепте саба? кезінде ?ыздарынан орамалды шешуге ?арсы бол?ан ?ш ер адам ?кімшілік ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында мектепте сабақ кезінде қыздарынан орамалды шешуге қарсы болған үш ер адам әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік соты мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам - үш тәулікке, ал біреуі - бес тәулікке қамалады. 

"2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам - үш тәулікке, ал біреуі - бес тәулікке қамалады", - делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама