Ақтөбеде тағы төрт мешіт салынады

Фото: aktobenews.kz сайтынан

Биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі мешіт салу үшін төрт жер телімін бөлген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі мешіт салу үшін төрт жер телімін бөлген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін жоспардағы төрт мешіттің бірінің іргетасы құйылды. "Ақжар-2" ауылында салынып жатқан мың адамдық мешіттің алғашқы құрылысына облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан қатысты. Жаңа құлшылық орнының құрылысын жеке кәсіпкер Айбек Төлебаев пен жергілікті жамағат жүргізеді.

Соңғы жартыжылдықта облыста екі мешіт пайдалануға берілген. Олар Темір ауданының Кеңқияқ ауылы мен Мәртөк ауданында тұрғызылған.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда облыс бойынша 67 мешіт пен 104 діни қызметкер бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама