Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінің жұмысшылары басшысын былапыт сөз айтты деп айыптап жатыр

© aktobe.gov.kz

А?т?бедегі "Н?р?асыр" мешітіні? ж?мысшылары жала?ы т?лемеген басшысын сот?а берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?т?бе облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінің жұмысшылары жалақы төлемеген басшысын сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық сотта "Нұрғасыр" мешітінің жұмысшыларының жалақыны өндіру және моральдық шығынды өндіру бойынша талап-арызы қаралып жатыр. 

"Жұмысшылардың арызында жалақы ала алмай отырғанын жазған. Жұмысшылар мешіт имамы Оспан Төле би Дәділұлына және мешіттің басқарушысы Балкенов Бақыткерейге хат жазған, алайда бұл өтініштері қанағаттандырылмаған. Басқарушы Балкенов Б. жалақыны беру туралы талапқа дөрекі жауап берген, былапыт сөз айтып, жұмыстан шығарамын деп қорқытқан", - делінген Ақтөбе сотының хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Шағымданушылар құқығының бұзылғанын айтып, моральдық шығын талап етіп отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама