АҚТҚ-мен ауыратындар материалдық көмек ала алады

©Pro-business.kz

Астанада АҚТҚ-мен (ВИЧ) және туберкулезбен ауыратын науқастар мемлекеттен материалдық көмек ала алады, - деп хабарлайды "Инфо-цес" басылымы Астана қаласы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Алма Алтыбаеваға сілтеме жасап.

"Ұлы Отан соғысына қатысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, саяси қуғын-сүргін құрбандары, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалғандар мен балалар үйі түлектері сияқты материалдық көмек алушылар қатарына тағы бір санат - әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтар еніп отыр", - дейді Алтыбаева.

Оның айтуынша, бұл топқа АҚТҚ, ЖҚТБ, туберкулез және онкологиялық аурулармен ауыратындар, сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған балалар кіреді. Олар тоқсан сайын бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (9060 теңге) көмек ала алады. "АҚТҚ-мен ауыратын кез келген адамның өз ауруы туралы ашық айта алмайтыны рас. Бірақ айтқысы келетіндердің бізге келіп, арыз жазып, материалдық көмек алуына болады", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама