Ақышев Назарбаевқа: Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түсті

Ақышев Назарбаевқа: Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түсті © akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев?лтты? банк т?ра?асы Данияр А?ышевті ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НазарбаевҰлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық банктің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөніндегі есебі ұсынылды.

Данияр Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары, сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Реклама
Реклама

Ұлттық банк төрағасының есебіне сәйкес, 2017 жылы инфляция деңгейі 7,1 пайызды құрап, жыл соңында алтын-валюта қорының көлемі 30,7 миллиард АҚШ долларына жеткен.

"Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түсті. Банк резервтері тағы 3 пайызға өсіп, 31,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 58,3 миллиард АҚШ долларын құрады. 2018 жылғы қаңтарда инфляция деңгейі 0,6 пайыз болды. Бұл біздің биылға белгілеген – бестен жеті пайызға дейінгі аралықтағы жаңа өлшемімізге еніп отыр", - деді Ақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама