Ақжігіт Бекбердиев Алматы МКД басшысы болды

Ақжігіт Бекбердиев Алматы МКД басшысы болды

Ақжігіт Бекбердиев Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақжігіт Бекбердиев Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен Бекбердиев Ақжігіт департамент басшысы қызметіне тағайындалған. 

Ақжігіт Бекбердиев 1965 жылы дүниеге келген. Салық органдарында еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы аудандық салық органдарының және облыс департаментінің қызметіне басшылық етті.

Жарнама
Жарнама

2014 жылдан бастап Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама