27 ақпан 2019 | 11:48

Әр балаға 21 мың теңгеден - Президент тапсырма берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға минимал төлемді 21 мың теңге сомасында бекітуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға минимал төлемді 21 мың теңге сомасында бекітуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттен 111 мың отбасы алып жатыр. Үкіметке мұндай отбасыларға көрсетілетін көмектің талаптарын күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеруді тапсырамын. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін төлемнің минималдық көрсеткіші 21 мың теңге болсын. Оның үстіне, оны алу үшін әркімнің босағасын жағаламау үшін әлеуметтік көмек көрсету процедурасын барынша жеңілдету керек", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, елімізде бүгінде 340 мыңдай отбасының төрттен көп баласы бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін 500 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді.

"Бұл отбасылардың табыс деңгейі әртүрлі. Кейбіреуінің жақсы табысы бар, ал кейбірінің табысы аз, сол отбасыларға біз көмек көрсетеміз, осыны ескеру қажет. Миллионерлерге мемлекеттен тағы да әлеуметтік қолдау көрсетудің қажеті не? Бірінші кезекте мемлекет табысы аз отбасыларға көмектесуі қажет", - деді Елбасы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная