ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2021 | 17:44
"Әр жануардың атын білмеймін": Шымкент әкімі зообақ құрылысы туралы
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов зообақтағы жануарлардың жағдайы туралы тілшілер сұрағына жауап беріп, қайта құру жұмыстары жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов зообақтағы жануарлардың жағдайы туралы тілшілер сұрағына жауап беріп, қайта құру жұмыстары жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
Aibat мәліметі бойынша, Шымкент тұрғындары зообақтың жай-күйіне және жануарлар жағдайына алаңдайды. Шымкент әкімі брифинг барысында сұраққа жауап ретінде әр жануардың атын білмейтінін айтты. Шенеуніктің айтуынша, вольерлерді қайта құруға бөлінген қаражат елді мекендер инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған.
Хайуанаттар бағын қайта құру алғаш рет 2013 жылы басталған. Ресми деректер бойынша, инфрақұрылымды ішінара жаңарту үшін 2 миллиард теңгеден аса қаржы пайдаланылған. Бірақ жобаны аяқтауға қаражат жетпей қалған. Қайта құрудың жаңа кезеңі 2018 жылы жоспарланған болатын.
"Мен әр жануардың атын және олар қалай орналасқанын білмеймін. Зообақтың 60 пайызы жаңартылды. Хайуанаттар бағын дамытудың кешенді жоспары бар. Әрқайсысы 3-4 кезеңнен тұрады. Биыл үшінші кезеңді тоқтата тұрдық, өйткені бұл ақша елді мекендердің инфрақұрылымына бағытталды. Үшінші кезең биылғы жылы болмайды, келесі кезеңге зообақтың толық кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп уәде берді Мұрат Әйтенов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также