ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2024 | 11:03
Арал теңізінде су көлемі ұлғайды
Солтүстік Аралдың су көлемі ұлғайды. Теңізге 1,1 миллиард текше метр су келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Аралдың су көлемі ұлғайды. Теңізге 1,1 миллиард текше метр су келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 миллиард текше метрге жеткен. Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 миллион текше метр су жіберіледі деп келісті. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болатын.
Осыған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталған болатын. Бөгет Солтүстік Аралда су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
"Бөгет пайдалануға берілгеннен бүгінгі күнге дейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 млрд текше метр су келді. Ал соңғы 7 жылда теңізге 13,3 млрд текше метр су түсті. Соңғы жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды, алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 21,4 млрд текше метрге жетті", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Айта кетейік, Сырдария өзені ағынының 75 пайызы Қырғызстанда, 20 пайызы Өзбекстанда және 5 пайызы Қазақстанда қалыптасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также