Арандатушылық мәндегі сөздің авторы сотта жүрегі ауыратынына шағымданды. Сот процесі кейінге қалдырылды

Астанада ?алада?ы аялдамаларды? бірінде арандатушылы? м?ндегі с?здер жазып кеткен ?збекстанны? 47 жаста?ы азаматына ?атысты сот отырысы ?тіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада қаладағы аялдамалардың бірінде арандатушылық мәндегі сөздер жазып кеткен Өзбекстанның 47 жастағы азаматына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірақ бүгін сотталушы сот барысында ешкім ойламаған мәлімдеме жасады. Жақында ол осы әрекеті үшін кешірім сұрап, айтқан сөздерін БАҚ өкілдеріне жеткізуді сұраған болатын, бірақ бүгін ол сот отырысына журналистердің қатысуына қарсы екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, сотталушы жүрегінің ауыруына байланысты сот процесіне қатысуға дайын емес екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Айтқым келетіні әрі қарай мұны жалғастыра алмаймын. Өзімді нашар сезініп тұрмын, сот процесін кейінге қалдырғым келеді. Жүрегім ауырады, басым да ауырып тұр және қазір бірдеңе айтатын да шамам жоқ", - деді ер адам судьяға.

"Өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз сізге қазір жедел жәрдемді шақырайық. Дәрігерлер сізге көмек керек десе, біз отырысты кейінге қалдырамыз", - деп жауап  берді судья Умсын Муханғалиева.

Алайда кейінірек сот отырысы басталмай тұрып дәрігерлердің сотталушыны тексеріп шыққанын және оған ешқандай да көмектің керек емес екенін айтқаны анықталды. Дегенмен судья сот залына жедел жәрдем қызметкерлерін шақыруды жөн көрді.

Осыған байланысты сот отырыы кейінге қалдырылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана аялдамасында "қазақтарды итше қыру керек" деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама