ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2024 | 10:24
Ардагерлер саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды
Сот Жетісу прокурорларының Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот Жетісу прокурорларының Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот Талдықорған прокуратурасының "Ардагерлер саябағының" 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды.
"Прокурорлар жалпы пайдаланудағы орман саябағы аймағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған). Кейіннен, жаңа жер иесі элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген", - делінген хабарламада.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также