21 тамыз 2022 | 18:33

АрХО-2022. Қазақстан құрамасы барлық сайыста үздік нәтиже көрсетті

Сурет Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Қазақстанның әскери қызметшілері Халықаралық армия ойындарының үш сайысында жеңімпаз атанды. "Артиллериядан оқ ату шеберлері", "Тактикалық мерген" және "Меридиан" жарыстары аяқталып, олардың қорытындысы бойынша қазақстандық жауынгерлер көш бастап тұр, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның әскери қызметшілері Халықаралық армия ойындарының үш сайысында жеңімпаз атанды. "Артиллериядан оқ ату шеберлері", "Тактикалық мерген" және "Меридиан" жарыстары аяқталып, олардың қорытындысы бойынша қазақстандық жауынгерлер көш бастап тұр, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

"Артиллериядан оқ ату шеберлері"

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы "Гвардейск" полигонында жекелей сайыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын байқау өтті. Бұл жарысқа Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетті. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түс. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындады. 

Реклама
Реклама

Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты – 15 минут 53 секунд. Екінші орындағы ресейлік әскери қызметшілердің нәтижесі –18 минут 17 секунд. Үшінші орынды иеленген Беларусь миноаатқыштарының нәтижесі – 22 минут 16 секунд.

Түнгі спринтте де 10 минут 33 секунд нәтижесімен Қазақстан үздік атанды. Мәреге екінші болып 14 минут 15 секундпен Әзербайжанның әскери қызметшілері келді. Ресейден келген артиллеристердің көрсеткіші – 16 минут 01 секунд. 

Үшінші, "эстафета" кезеңінде де қазақстандық артиллеристер үздік деп танылды. Қазақстан командасы "Артиллериядан оқ ату шеберлері" байқауында екінші және үшінші орындарды иеленген Ресей мен Әзербайжанның әскери қызметшілерін басып озды.

"Артиллериядан оқ ату шеберлері" жарысында Қазақстан құрамасының жетекшісі Серікбаев Тілек Назымбекұлының айтуынша, 12 елге шақырту жіберілген. Соның тоғызы сайысқа қатысқанр. Әр елдің құрамасында 21 әскери қызметші бар. 

"Артиллериядан оқ ату шеберлері" сайысы жылда Гвардейск қаласында өткізіледі. Әзербайжан, Ресей және Беларусь құрамаларының дайындығы өте жақсы. Еліміздің әр өңірінен мықтылар іріктеліп, олар бір ай бойы дайындалды. Латын Америкасы, Африка құрлығынан Зимбабве сынды елдердің осы ойындарға қатысуы Ресей Федерациясының шақыртуымен ұйымдастырылды. Жалпы мұндай жиындардың басты мақсаты - тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту", – деді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары - ракета әскерлері мен артиллерия бастығы Тілек Серікбаев.

Айта кетейік, Қарағанды облысында өтіп жатқан "Тактикалық мерген" байқауының кезекті кезеңінде Қазақстан командасы жеңіске жетті. Екі жауынгер жарысында әскери қызметшілер тосқауылға түскен кездегі тактикалық және атыс тапсырмаларын орындады. Қатысушылар қалқалана отырып жылжып, нысанаға оқ жаудырды. Қазақстандық жауынгерлердің нәтижелі әрекеттері байқаудың соңғы кезеңінде оларды жеңіске жеткізді. Екінші орында – Ресей әскери қызметшілері, үшінші орында – Қытай.

"Тактикалық мерген" байқауы

Қарағанды облысындағы "Спасск" оқу-жаттығу орталығында "Тактикалық мерген" байқауына қатысушылар қорытынды кезеңде топ құрамында іс-қимыл жасай отырып, оқ ату тапсырмаларын орындады. Қатысушылар ойлы-қырлы жерлермен жүріп өтіп, ғимараттағы және шатқалдағы нысаналарға оқ жаудырды.

"Қатысушыларға қосымша қиындық тудырған экстремалды дене белсенділігі мен жылдам қозғалыс болды. Сайысушылар дәл ату үшін күш-жігері мен байыптылығын сақтап, команданың тактикалық тұрғыдан тексерілген іс-әрекеттері туралы ұмытпаулары қажет болды. Себебі команданың бір мүшесінің қателігі бүкіл топтың нәтижесіне әсер етеді, - дейді байқаудың төрешісі Ғалым Садықов.

Соңғы кезеңде де және "Тактикалық мерген" байқауының қорытындысы бойынша да Қазақстан жауынгерлері жеңіске жетті. Байқауда екінші орынды Қытай командасы иеленсе, үшінші орынды Ресей мен Өзбекстанның әскери қызметшілері өзара бөлісті.

"Меридиан" байқауы

Ақмола облысындағы "Амандық" полигонында әскери топографтардың "Меридиан" байқауында қазақстандық команда жеңіске жетті. "Топографиялық квадратлон" деп аталатын қорытынды кезеңде қатысушылар "лабиринттен" өтіп, кедергілер жолағын еңсерді, бөлек-бөлек топографиялық карталардан объектілердің координаттарын анықтады.

Топогеодезиялық есептоп құрамында аға лейтенант Ернат Сұлтанғазы, аға лейтенант Нұрбек Рысқожаев және капитан Нұрболат Жұмабеков бағыт бойынша өтуден үздік нәтиже көрсетіп, оның нәтижесі Қазақстанға байқаудың жалпы жеңісін қамтамасыз етті. Екінші орын Қытай әскери қызметшілеріне, үшінші орын Беларусь еліне бұйырды.

"Меридиан" байқауында мамандардың күрделі геодезиялық есептоптардың ептілігін, топогеодезиялық бөлімшелердің шеберлігі мен үйлесімдігі тексеріледі. Бұндай сәтте интуиция және логикалық ойлау қасиеттері де маңызды. Биыл командалардың дайындық деңгейі жоғары, – деп атап өтті байқаудың бас төрешісі полковник Шаяхмет Әшіров.

Айта кетейік, Қазақстанның әскери қызметшілері Әзербайжан Республикасының Пута әскери-теңіз базасы аумағындағы теңіз полигонында су үсті кемелері экипаждарының "Теңіз кубогы" атты сайысында үш жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық теңізшілер 132 ұпаймен екінші орында. Бірінші орынды теңдей 135 ұпай жинаған Әзербайжан мен Ресей кемелерінің экипаждары өзара бөлісті.

Суреттер Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Ал, Армян елінің Дилижан полигонындағы "Бейбітшілік жауынгері" сайысы аяқталды. Әскери тарихты, географияны, халықаралық гуманитарлық құқықты, әлемдік өнер мен әдебиетті білуге арналған жарыста қазақстандық жауынгерлер Ресей мен Беларусь әскери қызметшілерінен кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Алда шешуші жарыстар өтетін болады, сондықтан әлі қазақстандық команданың жеңіске жетуге деген мүмкіндігі бар.

Әскери медиа жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады.

Бұл іс-шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ-ның қолдауымен "Алматы" студенттер Альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан "Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу" жобасы аясындағы "Әскери медиа" шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная