Арқалық - Торғай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Арқалық - Торғай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Арқалық-Торғай тасжолында бес көлік соқтығысты. Бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, тағы тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 3 қаңтарда сағат 14.03-те болған. Toyota жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан бес көлік соқтығысқан.

"Toyota көлігі алдымен Nissan автокөлігімен одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан Nissan жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.

Реклама
Реклама

Жол апатынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі уақытта соталды тергеу басталып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама