ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2024 | 08:38
Арқалықта мұғалімдер алаяқтарға алданып, ақшадан айырылды
Арқалықта үш мұғалім несие алып, оны телефон арқылы хабарласқан алаяқтарға беріп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арқалықта үш мұғалім несие алып, оны телефон арқылы хабарласқан алаяқтарға беріп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанайлық полиция басқармасының басшысы Болат Имановтың сөзінше, алаяқтар өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырып, әр мұғалімнен 3,5 миллион теңге алған. Артынша алаяқтар ақшаны "қауіпсіз шотқа" салыпты-мыс.
Имановтың сөзінше, мұндай алаяқтар соңғы кездері көбейе түскен. Қостанайда тіркелген 40 пайыз жағдай алаяқтыққа байланысты болған. Полиция мұндай 667 деректі тіркеген, ал бұл былтырмен салыстырғанда 100-ге көп.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также