ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2019 | 16:12
Арман Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Арман Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арман Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Әр жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР премьер-министрі Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.
Показать комментарии
Читайте также