07 ақпан 2022 | 09:41

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық экономика министрінің бұйрығы бойынша, Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды" - делінген хабарламада.

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР ремьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылы - ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная