ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2019 | 11:49
Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды
Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев Nur Otan-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында.
Арман Қырықбаев - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі. Әр жылдары Nur Otan партиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді.
Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры, Мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Казахфильм" АҚ, Nur Media республикалық басылымдарының Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2015-2019 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, онда ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік етті.
Партия хатшысы ретінде Арман Қырықбаев қоғамдық-саяси бағытқа, Қоғамдық саясат институтына, "Жас Отан" ЖҚ, сараптамалық қауымдастықпен өзара іс-қимылға және т.б. жетекшілік ететін болады. Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары партияда, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істеу тәжірибесі оған қойылған барлық міндеттерді табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Партия хатшысы қызметін атқарған Ғабидолла Оспанқұлов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
Показать комментарии
Читайте также