18 қаңтар 2023 | 10:18

Армандар орындалады! Қызылорда тұрғыны пәтер ұтып алды

Баспаналы болу - көптеген қазақстандықтың арманы. Бұл әсіресе ай сайын қомақты сома төлеп, пәтер жалға алатындардың арманы. Қызылордалық Гүлнәрдің отбасы бұған дейін осындай арманмен өмір сүрген. Енді ол "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының TeleBingo билетінің арқасында жеңіске жетіп, баспаналы болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баспаналы болу - көптеген қазақстандықтың арманы. Бұл әсіресе ай сайын қомақты сома төлеп, пәтер жалға алатындардың арманы. Қызылордалық Гүлнәрдің отбасы бұған дейін осындай арманмен өмір сүрген. Енді ол "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының TeleBingo билетінің арқасында жеңіске жетіп, баспаналы болды.

"Кейінгі бірнеше жылда лотерея билеттерін сатып алып, өзімді қуантып жүрмін. Ол үшін әртүрлі лотереяға 10-20 мың теңгедей жұмсаймын, әсіресе TeleBingo мен Loto 6/49. Кейінгі уақытта белсенді қатыса бастадым, себебі түрлі науқандар мен лотереяларға қызыға бастадым. Жаңа жылдың алдында бір ғажап боларына сеніп, тағы билет сатып алып көрейін деп шештім. Ұтқаным туралы сүйінші хабарды жүргізуші Мұрат Оспанов хабарласып айтты. Пәтер ұтып алғанымды естігенде қатты қорықтым да, қуандым да. Әрине, қатты таңғалдым, жылап та жібердім, ең алдымен күйеуіме айттым. Екеуіміз қуанғаннан жылап алдық", - дейді Гүлнәр.

Гүлнәр тойларға сценарий жазады және бірнеше жылдан бері баспананы жалға алып жүрген. Ерлі-зайыптылардың ойында жер телімін сатып алу болған.

Реклама
Реклама

"Мұндай ауқымды ұтыс жеңіп көрмегенмін. Арасында ұсақ-түйек болған шығар. Алдағы таңда әлі де лотереяға қатыссам деймін, SuperBingo-ны ұтып алғым келеді, ондағы ұтыс - 287 миллион теңге", - дейді Қызылорда тұрғыны.

Гүлнәр лотереяға жаңадан қатысып немесе бұрыннан бақ сынап келе жатқандардың бәріне саналы түрде қарап, өзі жұмсай алатын қаржыны жарату керегін айтты.

Әрине, лотереяны табыс көзі немесе инвестиция ретінде қарастыруға келмес. Тек аз-аздан бақ сынауға болады. Алайда еске сала кетейік, кез келген адам өзінің бағын сынап көре алады: яғни кез келген қазақстандық танымал кроссовер Haval H6 ұтып ала алады. Ол үшін сайтта 1800 теңгеден алты билеттен тұратын "Автомобиль" лотожиынтығын немесе "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының сату нүктелерінен бір билет сатып алу керек. Автокөлік ұтысы 22 ақпанда сағат 22:00-де Satty Zhuldyz YouTube-арнасының тікелей эфирінде өтеді.

Одан бөлек, әр апта сайын қатысушылардың бірі миллионер атануы мүмкін. Себебі 16 қаңтарда Satty Zhuldyz-да "Миллионер әр апта сайын" науқаны басталған болатын.

Ақшалай сомадан бөлек, қатысушылар сыйлықтар ұтып ала алады - iPhone 14 немесе 50 мың теңгелік бес жүлде. Ұтыс ойындары 22 қаңтар мен 26 ақпан аралығында өтеді. Әр жексенбі сайын сағат 19:45-те Satty Zhuldyz YouTube-арнасының тікелей эфирінде iPhone 14 және 50 мың теңгеден бес жүлде ұтысқа салынады. Ал 20:00-де "31 арнаның" эфирінде 1 миллион теңге ұтысқа салынбақ.

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram