Арменияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ұсыныс білдірілді

Арменияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ұсыныс білдірілді © pm.kz

Армения?а ЭКСПО-2017 к?рмесіне ?атысу?а ?сыныс білдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

Арменияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ұсыныс білдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Армения Республикасының экономикалық даму және инвестициялар министрі Сурен Караянмен кездесті. Басқосу барысында тараптар Арменияның "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу мүмкіндігін қарастырды.  

"ТМД барлық елдері халықаралық көрмеге қатысатындығын ресми растады. Сондықтан олардың қатарында Арменияны да көргіміз келеді", - деді Ахметжан Есімов.

Реклама
Реклама

Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 104 мемлекет растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.

Өз кезегінде Сурен Караян мемлекет Үкіметі жақын арада нақты шешім қабылдайтындығын айтты.

Айта кетейік, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама