ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2022 | 20:19
Арнайы комиссия Қазақстанның оңтүстігінде электр қуаты неге сөнгенін тексереді
Қазақстанда оңтүстік өңірлердегі электр қуаты неге сөнгенін тексеретін арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда оңтүстік өңірлердегі электр қуаты неге сөнгенін тексеретін арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірдің тұрғындарын электрмен жабдықтауға себеп болған "КЕGOC" АҚ электр желілерінде технологиялық ақау туындауы және оның даму себептері мен шарттарын жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды", - делінген хабарламада.
Тексеріс нәтижелері бойынша алдағы уақытта технологиялық ақауларға жол бермеу, сондай-ақ, Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетіні айтылды.
25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында электр қуаты апат жағдайында сөндіріліп, сағат 16.00-де оңтүстік аймақ тұрғындарына жарық қайта берілген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также