Арқалықта қыз бала 16 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

© pixabay.com

Ар?алы?та сот 16 жыл бойы ??жатсыз ?мір с?ріп келген ?ызды? д?ниеге келгенін за?мен бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?останай облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Арқалықта сот 16 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген қыздың дүниеге келгенін заңмен бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 жыл бойы Татьяна П. туу туралы куәлігі болмаған. Анасы қызын үйде босанып, туғаннан кейін не перзентханаға, не тіркеу органдарына бармаған. Бала осы күнге дейін құжатсыз өмір сүріп келген. Оның туғаны туралы дерек туу туралы куәлік жасау үшін керек болды", - деді сот өкілдері.

Қыз бала мектепте оқиды, оны әпкесі асырап жатыр. Анасының қайда екені белгісіз. 

Реклама
Реклама

"Сот осы істі қарап шығып, баланың мүддесі үшін "Арқалық әкімдігінің білім бөлімінің" МҚ арызын қанағаттандырды. Осылайша Татьяна П. 2000 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген болып тіркелді", - деді сот өкілдері. Сот үкімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама