"АрселорМиттал Теміртау" 2022 жылы жұмысын жалғастыру үшін шарт қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов ©

Егер "АрселорМиттал Теміртау" зиян қалдықтарды шығаруды азайту жөніндегі талаптарды орындамаса, келесі жылы экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ брифингінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл кәсіпорында өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелерін бұзудың екі мыңнан аса жағдайы анықталған.

"Қысқаша айтқанда, бүгін "АрселорМиттал Теміртау" алдына нақты шарттар қойдық: ластаушы заттар шығындысын азайту жөніндегі талаптарымыз орындалмаған жағдайда, компания келесі жылға экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін", - деді Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Реклама
Реклама

Арна мәліметінше, былтыр "АрселорМиттал Теміртауда" барлығы 32 тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 19 миллион теңге болатын 24 әкімшілік айыппұл салынған екен. Сонымен қатар, мамандар сотқа 34 қауіпті өндірістік нысандар мен техникалық құрылғыларды пайдалануды тоқтата тұру туралы талап-арыз жіберген, бұл жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная