24 маусым 2022 | 15:28

"АрселорМиттал Теміртау" цехындағы жұмысшылар өлімі: тексеріс қорытындысы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Мемлекеттік комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтап, "АрселорМиттал Теміртау" еншілес кәсіпорнындағы апат себебін атады. Апат салдарынан төрт жұмысшы қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтап, "АрселорМиттал Теміртау" еншілес кәсіпорнындағы апат себебін атады. Апат салдарынан төрт жұмысшы қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сараптама ұйымдары күмбездің қирауына ықтимал себеп болған ақаулар мен зақымдануларды анықтады. Сондай-ақ, "Құрылысмет" тапсырыс берушісі мен "АрселорМиттал Теміртау" мердігері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені анықталды. Жұмыстарды өндіру жобасы мен пешті демонтаждау бойынша технологиялық карта сараптама комиссиясына ұсынылмаған. Арнайы тексеру қорытындысы бойынша комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтады", - деді Қарағанды ​​облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Тергеу барысында 32 адамнан жауап алынған. 14 күдікті анықталды, оның ішінде басшылық құрамы бар. Комиссия мүшелері тергеу қорытындысын құқық қорғау органдарына жібереді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" цехында төрт жұмысшы қаза тапқан болатын. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная