08 желтоқсан 2023 | 17:03

"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа атауы белгілі болды

Фото: t.me/qarmet_news

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды. Сондай-ақ, Qarmet компаниясын, бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды. Сондай-ақ, Qarmet компаниясын, бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.

Реклама
Реклама

"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Еске салайық, бұған дейін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын жариялаған болатын.

Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 миллиард доллары алдағы жылы инвестицияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная