03 қараша 2022 | 17:53

"АрселорМиттал Теміртаудың" сегіз шахтасында жұмыс тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысында Ленин атындағы шахтадағы төтенше жағдайдан кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық сегіз шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында Ленин атындағы шахтадағы төтенше жағдайдан кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық сегіз шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады.

"АрселорМиттал Теміртаудың" барлық сегіз шахтасының жұмысы қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, учаскелерді тексеру және шахталарға түсетін жұмысшылардан тікелей есептерді қабылдау үшін бір күнге тоқтатылды. Ертең оның жетеуінде жұмыс қайта жанданады. Ленин атындағы шахтаның жұмысы туралы шешім апаттардың салдарын жою бойынша барлық шара және сараптама комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін қабылданады. Қазір ондағы өрт жойылды. Құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері аумақты желдетіп жатыр", - деді Ильин.

Реклама
Реклама

Комиссия мүшелері түнде учаскені зерттеуге кіріседі. Төтенше жағдайдың алдын ала себебі, Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының айтуынша, "метан шығып, кейін жарылуы, одан кейін өрт шыққан". Метан концентрациясы шамамен 5 пайыз болған. Нақты себебін комиссия анықтайды, деп қосты министр. Бұл шахта соңғы рет 2022 жылдың маусымында тексерілген, мұндай сипаттағы ескертулер болмаған.

"Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Әкімдік барлық көмекті көрсетуге дайын. Ұжымдық шарттарға сәйкес оларға 10 жылдық еңбекақы көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, несиелері жабылады. Сонымен қатар, биылдан бастап ұжымдық шартта қаза тапқандардың отбасыларына баспана сатып алу туралы тармақ енгізілді", - деді Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде төтенше жағдай болды. Бес кенші қаза тапты. Қазіргі уақытта тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная