22 желтоқсан 2022 | 12:19

"АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысы бойынша МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"АрселорМиттал Теміртауға" 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды ​​облысы бойынша МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде ірі салық төлеушілерге қатысты аванстық төлемдер сомасының төмендетілгені анықталған.

"2017 жылға мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы нақты есептелген салықтан төмен бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабы 3-тармағы бойынша 1,3 миллирад теңге сомасында әкімшілік айыппұл сомасында әкімшілік материал толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

21 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облыстық соты Қарағанды облысы МКД дәлелдерін қолдап, әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная